Елордада қатты желден кран құлады

Елордада қатты желден кран құлады
ҚазАқпарат

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», – делінген комитет таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.