Кентауда пәтерден өрт шықты

Кентауда пәтер өртеніп, 8 жасар бала 5 қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ауруханада көз жұмды. Ал үй ішінде қалған 10 жасар қыз ыстан уланып қалған. Қазір анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр. Әкесі вахталық қызметте болған. Ал анасы жұмысқа кеткенде есікті құлыптап кетіпті. Екі жасөспірім есіктен шыға алмай қалған. Мамандардың болжамынша, өрт электр жүйесінің тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін. Алғашқыда ас бөлме өртенген. Кейін будақтаған жалын өзге бөлмелерге жайылған.