Маңғыстаудағы кәсіпорында жұмысшы өртеніп кетті

Оқыс оқиға Жаңаөзеннен 40 шақырым жердегі кеніште болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнай ұңғымасын тойтару жұмыстары кезінде кенеттен көтергіш құрылғы тұтанған. Жалын 1 сағатта өшірілді. Өрт болған жерден бір жұмысшының мәйіті табылды. Ол 43 жастағы Бейнеу ауылының тұрғыны екен. Қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр.