Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның ісі: терезеден итеріп жібергені анықталды

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқыған 21 жастағы Томирис Байсафаның 4-қабаттағы терезеден құлап, мерт болғанын ел біледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Томирис Байсафаның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Мәскеудегі Измайлов сотының қазылар алқасы бір дауыстан Мұртазали Меджидовты Томирис өліміне кінәлі деп таныды. Үш жылдан аса жалғасқан тергеу мен сот мәжілістерінен кейін қазылар алқасы Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Томиристі терезеден итеріп құлатқаны дәлелденген жайт деп санады. Айта кетерлігі, былтыр жазда Никулин сотының қазылар алқасы Меджидовты ақтаған еді. Алайда Мәскеу қалалық соты бұл үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберген.