Қарқаралы маңы әлі өртеніп жатыр

Қарқаралы тауларында өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел штаб жасақталған. Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 тікұшағы от шарпыған аумаққа 70 рет су құйып үлгерді. Қазір 1089 гектарға жайылған өрт аумағына 233 маман мен 45 техника жұмылдырылған. Өрт сөндірушілерге орманшылар, Қарқаралы ұлттық саябағының мамандары, жергілікті атқарушы билік өкілдері көмектесіп жатыр. Өрт таулы аймақта әрі судан алыс болғандықтан сөндіру қиынға соғып тұр дейді құтқарушылар.