Жалған ақпар: Көкшетауда сот ғимараттарына «жарылғыш зат» қойылған  

Жалған ақпар: Көкшетауда сот ғимараттарына «жарылғыш зат» қойылған  

Бүгін таңертең Көкшетауда облыстық және қалалық соттың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы  хабарлама түскен. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған нысандарда бомба жасырылғаны жайлы ақпарат сот хатшысының электронды поштасына келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда ғимараттарды 2 сағаттан астам уақыт тексерген мамандар ешқандай да жарылғыш затты таппады. Жалған хабарламаны кім жібергені де әзірге беймәлім.

Айта кетейік, облыстық және қалалық сот ғимараттары бір жерде емес, екеуі бөлек әр ауданда орналасқан.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір хабарлама авторы іздестіріліп жатыр. Екі ғимараттан эвакуацияланған 90 адам өздерінің жұмыс орындарына қайта оралды. Сөйтіп қазір бұл нысандар әдеттегідей қалыпты қызмет етіп тұр.