Жамбыл облысындағы екі жұмысшының өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысындағы  екі жұмысшының өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында болған оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай кеше «Қазфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған еді. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде екі жұмысшы мерт болған. Аппарат аяқ астынан іске қосылып кеткен екен. Сол кезде ішінде бес адам болған. 35 және 28 жастағы екі жігіт сол жерде жан тапсырды. Қалған үшеуі жарақат алған.