Алакөлдегі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Алакөлдегі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Абай облысы әкімдігі осылай деп мәлімдеді. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жүзге жуық турист көрші тұрған нысандарға орналастырылған. Көл жағасындағылар саяхат, демалысын жалғастыра беруіне болады. Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде сағат 11.20 шамасында демалыс үйлерінің бірінде тұтанған қызыл жалын бүгін таңда 5.40-та сөндірілді. Болжам бойынша 3000 шаршы метр аумақ өртенген. Төрт демалыс базасының күлі ғана қалған. Адамдар дін аман. 7 демалушы медициналық көмекке жүгінген.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір өрт толық бақылауда. Су, электр жарығы толығымен қосылды. Демалушылар кәсіпкерлердің көмегімен басқа демалыс базаларына орналастырылуда. Аудан әкімінің төрағалығымен арнайы штаб құрылды. Жағдай қалыпты. Барлық базалар қалыпты жұмыс атқаруда.