Павлодарда сауда үйінде өртті сөндірмек болған ер адам жарақат алды

Павлодарда сауда үйінде өртті сөндірмек болған ер адам жарақат алды
ktrk.kg

«Гулливер» сауда үйінің екінші қабатындағы бутикте шаруашылық тауарлары жанды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні сағат 23.28-де  Люксембург  көшесі, 113 үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

- Екі шаршы метр алаңда ағаш стеллаждар жанған. 1989 жылы туған ер адам өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін    қолдағы құралдармен тілсіз жауды сөндіруге әрекет жасаған кезде ойылған жара алды, - дейді департаментте. 

Медициналық апаттар орталығы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өрт сағат  23.49-да ішінде сөндірілді.