Елордада ТЖД басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Елордада ТЖД басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ол 5 миллион теңгеге елордадағы Қажымұқан атындағы стадионды қолдануға жарамсыз деп таныған көрінеді. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство өкілдері бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ақшаны күдіктіге жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры берген. Аталған дерек бойынша қорытынды шешімді сот қабылдайды.