Сот блогер Махамбет Абжанды 2 ай күзетпен ұстау шарасын санкциялады

Сот блогер Махамбет Абжанды 2 ай күзетпен ұстау шарасын санкциялады
ҚазАқпарат

Ірі көлемде ақша бопсалау күдігіне ілінген блогер Махамбет Абжан 2 айға қамауға алынды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. «5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Абжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп жазды қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Facebook парақшасында.

Айта кетейік, 3 шілде күні Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына отырғызылғанын хабарлаған едік.