Қостанайда үй өртеніп, бір адам мерт болды

Қостанайда үй өртеніп, бір адам мерт болды

Қостанай қаласында жер үйден өрт шыққан. Үйде ер адам мен әйел және 12 жасар бала болыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көршілері өрт тұтанғанға дейін қатты тарсыл естілгендігін айтады. Ал үйдегілер ештеңе естімеген. Есік қағылғанда ғана оянып, күйік иісін сезінген. Сол кезде ғана асханада жанып жатқан креслоны байқайды. Баланы алып шығуға көршілері көмектесіпті. Ал ер адам ысты газға уланып, оқиға орынында жан тапсырды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.