Алматы облысында заңсыз алкоголь шығарған цех анықталды

Алматы облысында заңсыз алкоголь шығарған цех анықталды

Алматы облысында жалған таңбалары бар алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цех табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Тексеріс кезінде Іле ауданының тұрғыны ішімдіктерді дайындағанда санитарлық талаптарды сақтамаған. Оқиға орнында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылды.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

– ҚМА Алматы облысындағы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде қолдан жасалған алу бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімдерін өндірген жасырын цехты жойды. Спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу басталды.