Павлодарда бойжеткенді көлік қағып кетті

Павлодарда бойжеткенді көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған 17 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаяу жүргіншілер өткелі бағдаршаммен жабдықталмаған.

- 6 шілде күні сағат 15:40-та Ломов көшесіндегі №58 үйге қарама-қарсы «Toyota Land Cruiser 100» көлігін тізгіндеген 18 жастағы бозбала реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жүру бөлігімен өтіп бара жатқан қызды қағып кетті, - деді департаментте.