Қостанай әуежайын су басты

Қостанайда нөсер жаңбыр жауып, әуежай шатырынан су өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда бірінші қабатты тобықтан су басқан. Әуежай басшылығы нөсерден суағар толып, ұшу залына су өткенін, салдарын жою жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Қостанай әуежайын жөндеу жұмыстары жақында ғана аяқталған.