Қарағанды облысында жеңіл автокөлік апатқа ұшырап, арыққа батты

Қарағанды облысында жеңіл автокөлік апатқа ұшырап, арыққа батты
inform.kz

Салдарынан екі адам қаза тапты.

Оқиға 9 шілде күні сағат 18.15 шамасында «Қарағанды – Қарқаралы» автожолының 34-ші шақырымында болған. Белгілі болғандай, «Audi 80» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жол шетіне шығып кетіп, суға батқан. «Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, өтіп бара жатқан жүргізушілер жолаушыларды құтқаруға тырысқан. Арқанның көмегімен бірнеше адам көлікті судан шығаруға әрекет еткен. Алайда екі жолаушыны құтқару мүмкін болмады.