Хромтауда әйел жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Хромтауда әйел жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
polisia.kz

9 шілде күні сағат түнгі 03:30 шамасында белгісіз бір көліктің жүргізушісі Хромтау қаласының айналма жолында 26 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды Бампер мен фарлардың сынған бөліктері бойынша полиция қызметкерлері автокөлік маркасын анықтады. Іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция бөліміне Daewoo Matiz автокөлігінің 37 жастағы әйел жүргізушісі жеткізілді.

Әйел жол апатынан кейін қорқып, оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.