ҚР ІІМ: Полиция кейпіне енетін алаяқтар көп

ҚР ІІМ: Полиция кейпіне енетін алаяқтар көп

Елімізде сондай-ақ өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, халықты алдайтын алаяқтар көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі хабарлады. Мәселен әккілер азаматтарға қоңырау шалып, атына несие ресімделгені туралы жалған ақпарат береді. Ақшаңызды сақтап қаламыз деп құтқарушы кейпіне еніп, карта номеріңізді біліп алады. Сондай-ақ онлайн сауда кезінде арбайтын айлакер де көп. Сондықтан белгілі бір техника немесе мүлік сатып алардың алдында алдын ала төлем жасамауды ескертеді тәртіп сақшылары.