Көлігіне тапанша салып жүрген елорда тұрғыны ұсталды

Көлігіне тапанша салып жүрген елорда тұрғыны ұсталды

Елордада көлігіне тапанша салып жүрген жүргізуші қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам «Қылмысқа тосқауыл» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ұсталды. Полиция «Lexus RX 350» маркалы көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында 28 жастағы жүргізуші осы жылдың сәуірінде мас күйде рульге отырғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны және жазасын 6 ай бойы қоныс-колониясында өтегені анықталды. «Көлікті одан әрі тінту барысында «Оса» маркалы тапанша табылды. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде қарудың атуға жарамды екені анықталды», – деп атап өтеді департаменттен. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.