Оралда көлік апатынан сегіз адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы бүгін түнде қаланың айналма тас жолында, жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде болған.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сүйенсек, Nissan жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada көлігімен соқтығысқан. Сол жерде бес адам көз жұмды, Nissan жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы екі бала ауруханада қайтыс болды.