Демалыс күндері елімізде 20 адам көлік апатынан қаза тапты

Демалыс күндері елімізде 20 адам көлік апатынан қаза тапты

Елімізде өткен демалыс күндері 80-нен астам жол-көлік оқиғасы болып, 20-дан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаз мезігілінде көліп апаты жиілеп кетті. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін министрлік бір ай бойы «Жол қауіпсіздігі» акциясын өткізіп отыр. Бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тексеріледі. Яғни автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілері. Осы жол апаттарын талдау нәтижесінде бес орын қарастырылған жеңіл автокөлікте жеті-сегіз адам, бес ересек және екі-үш бала қаза тапқаны белгілі болды.

Жандос Мұратәлиев, ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

– Тек өткен демалыс күндері, яғни жол жағдайын ескеріп, еліміздегі жолдарда адамдардың қаза болуы, жарақат алуы, мүгедек болып қалуы салдарынан Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізуді ұйғарды. Жол-патрульдік қызметтің барлық экипаждары осы шараны өткізуге барынша жұмылдырылған. Сондай-ақ бірқатар жол апатын тексергенде тежегіш ізінің жоқтығы анықталғанын, бұл жүргізушілердің көлікте ұйықтап кеткенін білдіреді. Осы себепті соңғы уақытта 8 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған.