ШҚО-да өз бақшасын есірткі алқабына айналдырған күдікті ұсталды

ШҚО-да өз бақшасын есірткі алқабына айналдырған күдікті ұсталды
Polisia.kz

Алтай тұрғыны өз бақшасын есірткі алқабына айналдырды, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маусым айының соңында Серебрянск қаласында есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту барысында ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша қарасора өсімдігінің 74 бұтасы, өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті, сондай-ақ ерекше иісі бар заттың бір шайындысы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес бұталар – каннабис өсімдігі, жалпы салмағы шамамен 540 грамм болатын есірткі заттарына жатады. Сондай-ақ тәркіленген пакетте 146 грамнан астам кептірілген марихуана бар екені анықталды. Ер адам өз бақшасында қарасора өсіріп, бір қап марихуананы кір жуғыш машинаға жасырып қойған. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.