Қонаев қаласының маңында синтетикалық есірткі жасайтын орын табылды

Қонаев қаласының маңында синтетикалық есірткі жасайтын орын табылды

Тінту барысында үш ер адам ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі Алматы қаласының, қалған екеуі Іле ауданының тұрғыны болып шықты. Олар Қонаев қаласынан бес шақырым жерде қоршалған аумақта ешкім тұрмайтын екі үйде жасырын зертхана ұйымдастырған. Ол жерде мефедрон өндіретін арнайы қондырғылар орнатылған. Тексеру барысында көптеген пластикалық ыдыс пен ұнтақ тәрізді зат және арнайы өлшегіш құралдар табылды. Табылған заттар арасынан 52,82 грамм ұнтақтың зертханалық тексеру барысында мефедрон екені анықталды. Сондай-ақ 2 тоннаға жуық химиялық сұйықтық тәркіленді.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК 297 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, қалған екеуінен міндетті келу туралы қолхат алынды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.