ШҚО-да есірткіні жаңғақ ішіне жасырып, түрмеге кіргізбек болған

ШҚО-да есірткіні жаңғақ ішіне жасырып, түрмеге кіргізбек болған

Елордалық әйелдің Шығыс Қазақстан обысындағы колонияда отырған танысына есірткі өткізбек ниеті іске аспай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның поштамен жіберген сауқат-сәлемдемесінің арасында грек жаңғағы болған. Тексерушілер жаңғақты жарған кезде, ішінен дән емес, иісі бар өсімдік тектес ұнтақталған зат шыққан. Одан бөлек қағаз қол сүрткіш орамасының арасынан ұялы телфон табылған. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Қызылордада полиция қызметкерлері арнайы іс-шара барысында қалалық бекеттен өтіп кетпек болған жеңіл көлікті тоқтатты. Тексеріс барысында көліктің жүк салғышыныан 1,5 келі марихуана табылды. Күдікті сол жерде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетелік, соңғы жарты жылда Қызылорда облысында есірткіге қатысты 96 қылмыс тіркелген.

КАМАЗ КӨПІРДЕН ҚҰЛАДЫ

Жезқазғанда Камаз көлігі көпірден құлады. Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ауыр көлік ауып кеткен өткел мыс қорытатын зауытқа апарады. Қазір бұл оқиға бойынша сараптама тағайындалып, тексеріс жүріп жатыр. Соның қорытындысына сәйкес процессуалды шешім қабылданады.