Ақтөбе облысында ер адамның үстіне найзағай түсті

Ақтөбе облысында ер адамның үстіне найзағай түсті

Оқыс оқиға бүгін сағат 8:00 шамасында орын алды. Осы сәтте 41 жастағы ер адам далада мал бағып жүрген.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі төтенше жағдай орын алған жерге Мұғалжар ауданы Ембі қаласының құтқарушылары мен дәрігерлер аттанғанын жеткізді.

Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды.