Маңғыстауда шетелдік туристер батпақтан шығарылды

Маңғыстауда шетелдік туристер батпақтан шығарылды

  Маңғыстауда шетелдік туристер далада қалды. «Бекет-Ата» жерасты мешітінің маңында қатты нөсерден кейін көліктер батпаққа батқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көмекке келген Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оларды аман-есен алып шықты. Жалпы саны 24 адамнан тұратын саяхатшылар медициналық көмекке жүгінбеген.

Сондай-ақ күні кеше Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан 68 шақырым жердегі «Көгілдір айлақ» теңіз жағалауында 10 адам батпақта қалған  болатын.