Алматыда қару жасырылған тағы бір орын табылды

Алматыда қару жасырылған тағы бір орын табылды
polisia.kz

Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабына орналастырылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапты.

ҚР ҚК-нің 287-бабымен тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді. Сонымен қатар жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды.

Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.