Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Бұл қайғылы оқиға Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылы маңында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияның мәліметі бойынша Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, тағы бір Volkswagen автокөілігіне соғылған. Салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы қайтыс болды. Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.