Атырауда қатты желден мектептің шатыры ұшып кетті

Кеше Атырауда күшті соққан желдің екпінінен N26 Сырым Датов атындағы орта мектептің шатыры ұшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

1992 жылы салынған 624 орындық білім ошағына келтірілген шығын көлемі қазір анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Бұл мектеп соңғы рет 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қатты желдің салдарынан тек білім ошағы ғана емес, жеке тұрғын үйлердің де шатыры ұшып кеткен.