Атырауда зауыт жұмысы әлі тоқтап тұр

Атырауда зауыт жұмысы әлі тоқтап тұр

Кешегі апаттық жағдайдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын әлі де жалғастырған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тек мұнай айдайтын екі қондырғы ғана іске қосылған. Зауыт директорының айтуынша, кеше екі желі бойынша электр энергиясын беру аяқ астынан тоқтатылғаннан кейін зауытта алдымен екі қондырғы істемей қалған. Содан кейін бүкіл өндіріс тоқтатылыпты. Осыдан кейін барлық газ алау жүйесіне жіберілген. Зауытқа қандай шығын келгені әзірге белгісіз. Қазір кәсіпорында 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, 4 мың тонна авиакеросин бар.

Айта кетейік, кеше зауыт жұмысының тоқтағаны туралы хабарланған болатын және зауыт жұмысының тоқтауына себеп болған жағдай да жазылған еді.