Әскери колледж курсанты қызмет кезінде жарақат алды

Әскери колледж курсанты қызмет кезінде жарақат алды
ҚазАқпарат

Бүгін, 31 шілдеде Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақаттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», – деп жазды министрліктен.