Түркістанда 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

Оқиға Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында болған. Өрімдей қыз отбасымен бірге кешкі серуенге шығып, кейін үйіне ерте қайтпақшы болыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата-анасынан алыстаған сәтте оның соңынан ер адам еріп, шашынан тартып, жол жиегіне сүйреген. Сол жерде бетінен шапалақпен ұрып, жерге құлатады. Жасөспірім айқайлап, көмекке шақырады. Алайда күдікті оның аузын жауып, қылқындырып, жымысқы әрекетін жүзеге асыруға тырысқан. Абырой болғанда, жеткіншекті жергілікті тұрғын құтқарып қалып, күдіктіні полицияға тапсырған. Қазір қызға көмектескен азамат сол ауылда әкімнің орынбасары болып қызмет ететіні белгілі болды. Оған тәртіп сақшылары алғыс айтып, сый-сияпатын көрсетті. Ал күдікті болса, қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сүйіндік Сейітжаппарұлы, Дарбаза ауылы әкімінің орынбасары:

- Қараңғылау жерде екі адамның арпалысып, жағымсыз қиналып жатқан дауысын естідім. Содан жүігіріп барғанымша, ана адам қашып кетті. Қыз баладан сұрап едім, мені тұншықтырды, қылқындырды деді. Сонымен артынан жүігіріп, қарама-қарсы бетіне шығып, күдіктіні ұстадым.