Ақмола облысына қарасты Тайтөбе ауылында жарылыс болды

Ақмола облысына қарасты Тайтөбе ауылында жарылыс болды

1 адам қаза тапқан. Екеуі  жараланып, елордадағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарақат алғандардың бірі 4 жасар бала.  Ресми мәліметке қарағанда жарылыс жеке тұрғын үйдің ауласында көмір түсіріп жатқан кезде болған. Әзірге не жарылғаны белгісіз. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері, жедел тергеу тобының 10 қызметкері барды. Тергеу тексеру жүргізіліп жатыр.