БҚО-да мұнай өнімдері заңсыз өндірілген

БҚО-да мұнай өнімдері заңсыз өндірілген

Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды. Серіктестік мұнайды рұқсат құжатынсыз өндірумен айналысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз сақтап, өңдеп және тасымалдаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің облыс  бойынша департаменті мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжатының мүлде болмағанын анықтады.  3,5 мың тоннадан аса мазут пен мұнай өнімдері шетелге заңсыз шығарылған.  

Әлібек Әбділов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Аталаған факт бойынша тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Құрметті азаматтар, мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефондарына және аумақтық департаменттеріне хабарласуыңызды сұраймыз.