Алматыдағы қалалық соттың әкімшілік ғимараты қоршауға алынды

Алматыдағы қалалық соттың әкімшілік ғимараты қоршауға алынды

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәліметтерге сәйкес полицияға сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат түскен. Аталған мекен жайға қаланың жедел қызметтері жіберіліп, ғимарат қоршауға алынды. Қалалық соттың қызметкерлері мен келушілер эвакуацияланды. Қазіргі уақытта ғимаратта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал баспасөз қызметінің өкілдері Facebook парақшасында тұрғындарға сот отырыстарының кейінге шегерілетінін хабарлады.