Ақтөбеде балаларды бұралқы иттер талап тастады

Ақтөбеде бұралқы иттер тағы да адамға шапты. Бұл жолы 10 және 15 жастағы ағайынды балалар зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша ит кішісінің санынан қапқан ал ағасының аяқ-қолы мен кеуде тұсын талап тастаған. Биыл өңірде қаңғыбас ит-мысықтың адамға шабуылы жиілеп кетті. Маусым айында 12 жастағы жеткіншекті бұралқы иттер талап өлтірді. Тек тамыз айында облыстық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығына,,, ит талаған 30 бала түскен. Халық шырылдап, бұл мәселені күнде көтереді. Алайда, жергілікті билік,,, балаларды иттерден қорғай алмай отыр.

Қуантай Махамбетов, Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының бөлім меңгерушісі:
- Балаларға сол жерде көмек көрсетілді. Жарасын таңып байлап, тазартылып және тістеген жануар, ит белгісіз болғандықтан оған жаңағы құтырмаға қарсы профилактикалық вакцинация жүргізілді. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші болмағандықтан олар амбулаториялық емді жалғастыру үшін емханаға жіберілді.