Пошта операторлары ақша ұрлаған

Пошта операторлары ақша ұрлаған

«Қазпошта» бөлімшесінің екі қызметкері 4 жыл бойы ақша ұрлап келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өз шотына аударып отырған қаржысын қалталарына басқан. Бұл жайында қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. «Қазпошта» бөлімшесінің қызметкерлері ұрлаған ақшаның жалпы сомасы 37 млн теңгеден асады. Бұдан бөлек, қос сыбайлас 2013 пен 2020 жылдары аралығында құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңге жуық қаражатын иемденіп алған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.