Қостанайдағы Қару-жарақ палатасы дүкені өртенді

Қостанайдағы Қару-жарақ палатасы дүкені өртенді

Ғимаратқа іргелес орналасқан  техникалық қызмет көрсету станциясы мен асхананы да от шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан әрі бой бермей көршілес жеке үйлерге ұласқан. Сегіз үй өртеніп, екі жеңіл көлікке зақым келді. Қару жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе екі адам қалып қойған. Құтқарушылар оларға жете алмай отыр. Себебі оқ-дәрінің жарылу қауіпі бар. Алапат өртті сөндіруге 40 маман, 12 техника жұмылдырылған