Қостанай облысындағы өрттен 1 адам қаза тапты

Қайғылы жағдай Аманқарағай елімекенінде болды. Өрт қалдықтарын тазалау барысында мүмкіндігі шектеулі ер азаматтың мәйіті табылған.

Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Бұған қоса жедел штабтың хабарлауынша, тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында 10 адам жарақат алып, уланған. Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Ал 6-уы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберіліпті.

Юрий Ильин, ҚР  Төтенше жағдайлар министрі:

- Қаза болған адамның мәйіті бүгін таңертең табылды. Ол 1936 жылы туылған мүмкіндігі шектеулі жан. Эвакуациялау кезінде учаскелік полиция оған ескерту жасаған. Бірақ, марқұм эвакуациядан бас тартты. Соған қарамас адам қазасына байланысты тергеу жұмыстары жүргізіледі.