Шығыс Қазақстан облысының Алтай тауы аумағында да өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысының Алтай тауы аумағында да өрт шықты

От 3 жарым мың гектар алқапты шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір отты «Қазавиаорманкүзетінің» 75 десанты мен 300 құтқарушысы жерден де әуеден де су шашып сөндіруге кіріскен. Әзірге елді мекендерге қауіп жоқ деп хабарлады жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті. Ми -8 тікұшағы 9 тоннадай су сеуіп үлгерген. Өрт ошақтарын Ан-2 ұшағы әуеден барлап жүр. Ал мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Төтенше жағдай қызметі оттың таралуына жол бермейтінін айтып,  жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.