Қостанайға гуманитарлық жүк ұшақпен жеткізіледі

Қостанайға гуманитарлық жүк ұшақпен жеткізіледі

Қостанай облысындағы алапат өрт ел азаматтарын бей- жай қалдырмағаны анық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір әр өңірде өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіле бастады. Бұл игі іске алматылықтар да атсалысып жатыр.

Қаладағы «Жастар рухы»  орталығына кәсіпкерлер,  қала тұрғындары келіп азық-түлік,  медициналық бұйымдар, гигиеналық әрі тұрмыстық заттарын беріп жатыр. Сонымен қатар құрылыс заттары да жиналып жатыр. Барлық жүк бүгін түнде арнайы ұшаққа тиеліп,  Қостанай облысына жөнелтіледі.