ШҚО-да өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында таудағы өртті сөндіруге Ми-8 тікұшағы тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Ан-2 ұшағы өрттің аумағы мен бағытын әуеден бақылап жүр. Өртеніп жатқан жерге ең жақын ауыл 25 шақырым жерде орналасқан. Қазір 300-ден астам құтқарушы мен еріктілер өртті сөндіруге күш салып жатыр. Жалын 167 гектар аумақты шарпыды.

Айта кетейік, облыстық төтенше жағдайлар қызметі өртпен екі тәуліктен бері күресуде. Таудағы қураған шөпке от тиіп, кейін бой бермей кеткен еді.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД басқармасының бас маманы:

– Өрттің аумағына ең жақын орналасқан елді мекен ол 25 шақырым жақын арада орналасқан, бірақ та осы елді мекенге ешқандай қауіп жоқ. Осы өртті сөндірудегі ең бір қиыншылық осы жердің таулы аумақта болғандығы және ол жерде арнайы техниканың жете алмауы.