Қостанайдағы өрт: жағдай тұрақталды

Қостанай облысында өрт ошақтары бақылауға алынды. Мұны Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 4 өрт ошағында, атап айтқанда, Аманқарағай, Лесное, Бағаналы және Озерное ауылдарында өртті ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Эвакуациялық пунктерде 66 адам бар. Қалғандары өз үйлеріне және туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

– Әулиекөл ауданында әлі де өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.Бағаналы және Озерное ,Аманқарағай, Лесное, ауылдарында 4 өрт ошағын сөндіру жұмыстары түнімен тоқтатылған жоқ. Шамамен 200-ге жуық техника ,100-нан аса адам адам өрт сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Ұлан, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт аумағы сол деңгейде қалып отыр. шамамен 43 мың гектар.