Алматыда біреулер ағаштарды қасақана өртеген

Әлеуметтік желіде Алматыда ағаштарды қасақана өртеп жүрген адамдардың видеосы жаппай тарады.

Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасының хабарлауынша, мән-жайды анықтап жатыр. Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады.