Тараздан 2 қап қару мен оқ-дәрі табылды

Тараздан 2 қап қару мен оқ-дәрі табылды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды іздестіру жұмыстары әлі күнге жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Тараздық полицейлер бір күнде 11 қару мен әртүрлі калибрлі 300-ден астам патронды тапты. Екі қапқа салынған суық қару шаһардағы құрылысы аяқталмаған ғимарат маңына жасырылған. Із кезушілер қап ішінен «Калашников» автоматтарын, «ТОЗ» маркалы аңшылық карабині мен «Сайга» маркалы мылтықты тапты. Сонымен қатар 2 дана ойық қару,  «Байкал» тегіс ұңғылы мылтығы да анықталып отыр.  Табылған қарудың барлығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жедел-іздестіру жұмыстары жалғасады.