Әулиекөл ауданында жаңа балабақша салу үшін 1,3 млрд теңге бөлді

«Халық» қайырымдылық қоры Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жаңа балабақша салу үшін 1,3 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

280 орынға шақталған жаңа бөбекжайдың құрылысын таяу күндері бастау жоспарланып отыр. Өрттен анағұрлым көп зардап шеккен осы Әулиекөл ауданы болатын, онда 91 үй жаңадан салынады. Бірнеше күнге созылған алапат өрттен Қостанай облысындағы 18 кәсіпкерлік нысаны 200 млн теңгеден аса шығынға батты. Ел Үкіметі апат зардаптарын жою үшін қызу жұмысты бастап кетті.