Семейде алаумен арпалысқан азаматтың жағдайы ауыр

Жарма ауданын шарпыған қызыл жалынды сөндіру кезінде өрт сөндірушілер ауыр жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккен азамат Амангелді Тұрлыбеков қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол аруханаға санавиацияның көмегімен жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы ауыр. Ал әріптесі Нұрлан Сәлімжан да дәрігер қарауында. Өкінішке қарай, кеше өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаев қаза тапты. Олар жан-жағынан от лап берген қоршаудың ішінде қалып қойған. 

Ғалия Әлібаева, Семей қалалық ЖМЖА бас дәрігерінің орынбасары:

– Күйік шалған науқас сегізі күні Семей қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына түсті. Бүгінгі күні барлық жансақтау шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты ауыр.