Оралда үш оқушыны көлік қағып кетті

Оралда ассенизатор көлігінің оқушыларшісі 3 оқушы қызды қағып кетті. Оқиға №30 мектеп маңында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер қазір балалар ауруханасында ем алып жатыр. Олар 11,12 және 13 жаста. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екеуі жабық бас-ми жарақатын алған. Ал үшіншісінің ортан жілігі сынған. Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның хабарлауынша, апат кезінде жүргізушінің есірткіге елітіп тұрғаны анықталған.

Мирхат Әженов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– Аталған оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жыл басталғалы бері 37 жол-көлік оқиғасынан балалар зардап шекті. Атап айтқанда, 9 бала көз жұмып, 40 бала түрлі дене жарақатын алды.