Электр энергиясын тарату компаниясына қатысты тергеу басталды – Павлодар облысы

Павлодар облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігі Екібастұз қаласына энергия тарататын компанияға қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәліметтерге сүйенсек, тексеріс монополистік әрекет белгілері бойынша басталды. Компания 2019-2020 жылдар аралығында сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәмілелер жасаған. Мамандардың айтуынша, бұл энергия тарифінің өсуіне әкелуі мүмкін.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Бұл өз кезегінде көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.