Ә.Айтбаева ісі: үкім өзгеріссіз қалды

Ә.Айтбаева ісі: үкім өзгеріссіз қалды

Аппеляциялық сот қазақстандық Әсел Айтбаеваның қазасына қатысты іс бойынша Мұрат Мейірбековтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «хабар 24».

Бұған дейін сот оны «Адам саудасы» және «Кісі зорлау» баптары бойынша айыпты деп таныған. Сөйтіп 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұдан бөлек, марқұмның ата-анасына 5 милилон теңге өтемақы төлеуге міндеттеген. Алайда Мейірбековтың қорғаушысы шағым түсірген. Қазақстандық Әсел Айтпаева былтыр мамырда Грузияда көз жұмған еді. Оны шетелге жұмыс істеуге алыс туысы – Мұрат Мейірбеков шақырып, кейін қызға зорлық көрсеткен.